Көкшетауда мектеп директоры бюджеттік қаражатты жымқырғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат -Көкшетау қалалық соты мектеп директоры мен есепшісінің үстінен қозғалған қылмыстық істі қарады.
None
None

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Көкшетау қаласының № 11 орта мектебінің директоры Ю.Власенко бюджеттік қаражатты бос жұмыс орындарына адамдарды, соның ішінде өзінің зайыбы А.Власенконы ресімдеу жолымен жымқырған. Бұл ретте оның «жұмысқа орналастырғандары» бұл қызметтермен қарастырылған міндеттерді орындамаған. Ю.Власенко аталмыш тұлғалардың алатын жалақысын өзі иемденген. Осы әрекеттерімен Ю.Власенко мемлекетке 2 миллион, 615 мың, 630 теңге көлемінде шығын келтірді. Мектептің бас есепшісі Г.Иманбаеваның Ю.Власенконың осы қылмыстық ісіне қатысы болған.

Сот Ю.Власенконы мүлкін тәркілеумен және мемлекеттік қызметте істеуге бес жылға құқығынан айырумен бірге бес жылға бас бостандығынан айырды. Г.Иманбаева шартты түрде бес жылға сотталды, оған 2 жылға сынақ мерзімі берілді.

Соңғы жаңалықтар