Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы 14-ші облыстық спартакиада мәресіне жетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында өткен 14-ші облыстық спартакиада мәресіне жетті.
None
None

«Бурабай» спорт сарайында болған шараға облыстағы 15 аудан және 2 қаладан келген 230 спортшы қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спартакиада спорттың төрт түрі бойынша өтті.

Жалпы, командалық есеп бойынша Көкшетау құрама командасы жеңімпаз атанды. Ал, аудандар арасында атбасарлықтар бірінші, одан кейін зеренділіктер екінші және жарқайыңдықтар жүлделді үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, ақмолалық параолимпиадашылар бірнеше жыл қатарынан ұлттық құрама сапында түрлі халықаралық турнирлерде табысқа қол жеткізіп келеді. Биылғы жылы ақмолалық Вадим Дукарт Рио қаласында өтетін параолимпиадада ел намысын қорғамақ.

Соңғы жаңалықтар