Көкшетауда Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт жалғасуда

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау каласында мерекелік шаралар жалғасын табуда.
None
None

Абылай хан алаңының төріне орнатылған сахнада облыстың әр шалғайынан келген көркемөнерпаздар ұжымдары мерекені әсем әнмен әрлендіріп, күміс күймен, мың бұралған бимен түрлендіріп, көп көңілін шалқыта түсуде.

Жиналғандар алдында облыстық филармонияның әншілері, ұлттық өнер ұжымдары, "Он алты қыз", "Көкшетау" халықтық би ансамбльдері, "Дударай", "Көкек" секілді фольклорлық ансамбльдер өз өнерлерін ортаға салуда.

Соңғы жаңалықтар