16:16, 26 Шілде 2015 | GMT +5
Көкшетауда неке сарайының құрылысы басталды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда неке сарайының құрылысы басталды. Бұл туралы Көкшетау қаласы әкімі Ермек Маржықпаевтың жаңадан салынып жатқан бірқатар құрылыс нысандарында болғанында айтылды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
«Неке сарайының құрылысын мердігер «Ақсәуле» ЖШС қолға алуда. Жоба бойынша нысанның құрылысы 284 миллион теңгеге бағаланып отыр. Қазіргі кезде жердегі жұмыстар жүргізілуде. 2016 жылы неке сарайы толыққанды жұмысына кірісіп, жас жұбайларды тіркей бастайды» делінген хабарламада.
Құрылыс жұмыстарымен танысқан қала әкімі Ермек Маржықпаев салынып жатқан нысанның төлқұжаты болуын ескере келе, қосымша техникаларды тарта отырып жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды.