20:11, 21 Қараша 2011 | GMT +5
Көкшетауда орын алған оқиға әкімдік ғимаратынан 60 адамның қауіпсіз жерге көшірілуіне түрткі болды
АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Көкшетауда орын алған оқиға әкімдік ғимаратынан 60 адамның қауіпсіз жерге көшірілуіне түрткі болды, деп хабарлады Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Бүгін күндізгі сағат 14:05-те полиция қызметкерлеріне қалалық әкімдік жанында бір азаматтың өзін-өзі жағып жібермек болғандығы туралы ақпарат келіп түскен. Қоғамдық тәртіпті бұзушы шұғыл арада ұсталды. Одан тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Дегенмен осы оқиға салдарынан әкімдік ғимаратынан 60 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Құқық қорғау органының қызметкерлері қолға түскен азаматтың кім екендігін анықтады. Ол 36 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.