Көкшетауда отбасы және демалыс орталығы ашылды

Мәдени мекеменің міндетіне балалар мен ата-аналардың бос уақытын ұйымдастыру, сондай-ақ ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды насихаттау кіреді. Жоба отбасының барлық мүшелерінің тәрбиелік және дамытушылық іс-әрекеттеріне, сондай-ақ, балалар мен олардың ата-аналарының бірлескен белсенді ойын-сауық демалысы үшін әмбебап алаңға айналады. Келушілер өз талғамына қарай хоббиді тегін ала алады.
«Бүгін біз отбасы және демалыс орталығының ашылуына қатыстық. Мұнда барлығына сүйікті ісімен айналысуға орын бар. Біз Ақмола облысының әкелер кеңесімен бірге бөлінген кабинетті көрдік. Қызмет бағыты бойынша жақын арада жасалатын меморандумның негізгі тұстарын талқылаймыз. Күш біріктіре отырып, біз отбасылық қарым - қатынастарды насихаттау, жастарды тәрбиелеу және отбасын нығайту үшін көптеген пайдалы істер жасай аламыз», - деп атап өтті қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Найля Сейдаллина.
Жобаны іске асыру үшін шахмат, дойбы, үстел теннисі және аэробика сияқты үйірмелер жұмыс істейді. Сондай-ақ, келушілерге аналар кеңесінің, әкелер кеңесінің, медиатордың, психологтың және этно-шеберхананың кабинеттері қолжетімді.
Ведомстводан атап өткендей, алдағы уақытта қала тұрғындарының тілектерін ескере отырып, орталық жанынан бірқатар қосымша спорт нысандары мен шығармашылық үйірмелер ашылады.