Көкшетауда пештің қазандығы жарылып, бір бала күйіп қалды

ауру бала
Фото: Pexels

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Көкшетауда жылыту пешінің қазандығы жарылды. 

Бұл жайында Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім етті. 

16 ақпан сағат 23:20 шамасында Көкшетау қаласында жеке тұрғын үйде айналым сорғысының ақауы салдарынан қатты отынмен жылытатын пештің қазандығы жарылған.

Ол ары қарай өртке ұласқан жоқ, конструкция бұзылмаған.

Бұл оқиғаға өрт сөндіру қызметі шақырылмаған.

Қазандықтың жарылуы салдарынан бір бала ауруханаға жеткізілді. 

«Қазандықтың жарылу себебі анықталып жатыр» деді ТЖМ баспасөз қызметінен. 

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum