Көкшетауда Сәкен Жүнісовтің әдеби-танымдық зертханасы ашылды

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Көкшетауда Жанайдар Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжі жанынан Сәкен Жүнісовтің әдеби-танымдық зертханасы ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сәкен серінің 75 жылдығына орайластырыла қолға алынған іс-шараның ұйытқысы болған қалалық мәслихаттың депутаты, колледж директоры Нұртас Ахаттың айтуынша, жас буынның сана-сезіміне жазушының шығармашылығы, адамгершілігі, ер мінезі, өнерпаздығы сынды асыл қасиеттерді дарыту, оның мол әдеби мұрасын зерттеу бірінші кезекке қойылатын болады. Бұған дейін де білім ошағында жазушы атында әдеби бірлестік ашылған көрінеді. Ендігі күні Сәкен сері шығармаларын жан-жақты талдау, шеберлік сырын анықтау, тіл байлығын сараптау, кейіпкер сомдауына үңілу жұмыстары кең көлемде жүргізілмек. Зертхана бағдарламасына сәйкес колледж оқушылары өздерінің әдеби-танымдық ізденістерін осында жүзеге асыратын болады. Ал оларға ғылыми жетекшілік жасау міндеттерін білім ошағының ұстаздары, ақын, жазушы Төлеген Қажыбаев, публицист Мәтен Бижанов, суырып салма ақын Баянғали Әлімжановтар өз жауапкершіліктеріне алып отыр.
Соңғы жаңалықтар