Көкшетауда сауда үйіндегі өрттен 50-ден астам адам эвакуацияланды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйге жапсарлана салынған сауда үйінен өрт шығып, 53 адам эвакуацияланды, оның 10-ы – бала. 

Сауда үйі
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сауда үйінің төбе жабындысынан шыққан. Қызыл жалын 20 шаршы метрді шарпыды. 

«Оқиға орнында ТЖД, ПД күштері мен құралдары, жедел медициналық жәрдем бригадасы, энергиямен жабдықтау және газ қызметтерінің мамандары, жалпы саны 70 адам және 21 техника жұмыс істеді. Өрттің салдарынан сауда үйі жапсарлана салынған көпқабатты тұрғын үйден 53 адам баспалдақтың көмегімен эвакуацияланды, оның 10-ы – бала. Сонымен бірге оқиға орнында эвакуацияланған тұрғындарға ТЖД психологтары көмек көрсетті. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», - деді ведомстводан. 

Көкшетау
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Осы ретте, ТЖД қызметкерлері төтенше жағдай туындаған жағдайда «101 және «112» жедел желісіне қоңырау шалу қажеттігін еске салады.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында АН-2 ұшағы жанып кеткенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар