Көкшетауда сегіз жасар баланың өліміне қатысты қылмыс ашылды

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қаласында өткен айдың орта шенінде мектепке кеткен екінші сынып оқушысы Сережаның өлі денесі қираған құрылыс нысанынан табылып, елді дүрліктірген еді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыс әкімі Альберт Рау бұл қанды оқиғаға қатысты қандай да болмасын ақпаратқа миллион теңге сыйақы тағайындаған болатын. Араға ай салмай қылмыстың беті ашылды. Облыстық және қалалық ішкі істер басқармаларының арнайы жедел іздестіру тобы осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Зеренді ауданында 25 жасар күдіктіні қолға түсірді. Алғашқы жауап алу кезінде ол қылмысқа қатысты екендігін мойындап, тиісті жауап берді. Қазір тергеу амалдары жалғасуда.
Соңғы жаңалықтар