Көкшетауда су тасқынына байланысты 52 адам эвакуацияланды

эвакуация
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Көкшетауда су тасқынына байланысты 52 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Көкшетау қалалық әкімдігінің мәліметінше, Қылшақты өзенінің арнасынан шығуына байланысты 29 наурыз сағат 3:00 кезінде, су басқан учаскелердегі жеке тұрғын үйлер мен көп қабатты үйлердің тұрғындары уақытша қоныстану аумағына орналастырылды.

«Қазіргі уақытта «Жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ жанындағы халықты бейімдеу орталығына 52 адам эвакуацияланды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда су басқан үйлердің тұрғындарын құтқарушылар қайықпен және жаяу арқалап шығарып жатқандығын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар