Көкшетауда суда жүзуден Қазақстанның ашық турнирі өтіп жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда суда жүзуден «Бурабайдың» інжу маржаны» атты Қазақстан Республикасының ашық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлады облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
None
None

Осымен үш жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған турнирге 2004 жылға дейінгі туылған ұл-қыздар қатысады. Бұл жолы жарыс «Бурабай» спорт сарайында өтеді.

«Биылғы жылы аталған турнирге еліміздің 16 қаласынан келген 350-ге жуық жасөспірім қатыстырылды. Барлығы 21 команда. Жеңімпаздар Рудольф кестесі бойынша анықталатын болады», - деді турнирдің бас төрешісі Валерий Крутов.

Жарыс бағдарламасына сай балғындар 50,100 метр қашықтыққа еркін, арқамен және кеудемен жүзуі тиіс. Турнирдің ашылуына суда жүзуден ҚР бас жаттықтырушысы Айдар Қартпаев қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар