12:14, 16 Қаңтар 2015 | GMT +5
Көкшетауда танысының 500 мың теңгесін иемденген алаяқ әйел ұсталды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында алаяқтық жасаған 58 жастағы Көкшетау тұрғыны қолға түсті.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.
Полицейлердің мәліметі бойынша, 56 жастағы әйел адам - Астана тұрғыны 2012 жылы тұрмыстық мәселеңді шешіп беремін деп сендірген таныс әйелдің қолына 500 мың теңге көлеміндегі қаражатты ұстатып жіберген. Ақша қолына тиген соң күдікті уәдені үйіп-төгіп, қашып кеткен.
Зардап шегушінің шағымына байланысты жүргізілген жедел-іздестіру шарасы барысында 58 жастағы әйел, яғни, Көкшетау тұрғыны қолға түсті. Қазіргі кезде күдікті кінәсін мойындап, оның үстінен ҚР ҚК 190-бабы бойынша (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.