Көкшетауда тау туризмі спортынан республикалық сайыс өткізілді

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Көкшетау қаласының 19-шы мектебіндегі «Көкше-2009» жасанды шатқалында тау туризмі спортынан республикалық сайыс мәреге жетіп, жүзден жүйрік шыққандар дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға иелік етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тішісі.Оқушылар арасындағы туристік көпсайыс бойынша Қазақстан кубогының бірінші кезеңіндегі біріншілікте еліміздің түкпір-түкпірінен келген 16 команда бақтарын сынады. Республика аумағында теңдесі жоқ жасанды шатқалда әр үміткер өзінің шеберлігін көрсетіп, тәжірибе алу мүмкінідігіне ие болды. Бүгінде облыс орталығында осындай төрт, Щучье қаласында бір спорт нысаны жұмыс жасайды. Екі топ бойынша өткізілген сайыс барысында Екібастұздың «ЗЮВС-1», «Саяхат Ақтөбе» командалары бірінші, көкшетаудың «Фирн», Қарағандының «Созвездие» командалары екініші, Астананың «СЮРТУ» , Ақтөбенің «Саяхат-2» командалары үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар «Жеке-командалық», «Өткел», «Жар», «Байлау» аталымдары бойынша жүлдегерлер анықталып, сый-сияпат көрсетілді.
Соңғы жаңалықтар