Көкшетауда Тәуелсіздік күніне орай бірқатар ақмолалықтар мемлекеттік наградалармен марапатталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетауда ҚР Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай салтанатты жиналыс өтті.
None
None

"Көкшетау" мәдениет сарайында өткен шараға облыс әкімі Сергей Кулагин бастаған облыстық әкімдік қызметкерлері, аудан, қала әкімдері, департамент және басқарма, кәсіпорын және әлеуметтік сала мекемелерінің басшылары және рухани, қоғам өкілдері мен ардагерлер қатысты.

Өңір басшысы Сергей Кулагин қазақстандықтар үшін ең маңызды мереке саналатын Тәуелсіздік күнімен барша ақмолалықтарды құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірді.

"Елбасы өзінің сөзінде Тәуелсіздік жылдарындағы біздің республикамыздың жетістігіміз әрбір қазақстандықтардың тынымсыз еңбегінің арқасында деп білуге болады, деген еді. Жиырма үш жылдың ішінде бізде мықты мемлекет, жаңа экономика және жаңа тұтас қоғам құрылды. Оның ішінде сол кезде Елбасымен бірге Тәуелсіз мемлекет құрған және егемен Қазақстанның жетістігіне сеніммен қарағандардың арасында елге танымал әрі құрметке лайық ақмолалықтар да баршылық", - деді өз сөзінде Сергей Кулагин.

Сонымен қатар облыс әкімі ақмолалықтардың өнеркәсіп, ауыл шарушылығы, құрылыс және әлеуметтік саладағы жетістіктерін айта келе, алдағы жылдың міндеттеріне де тоқталды.

Осыдан кейін өңір басшысы Тәуелсіздік күніне орай Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан 31 ақмолалықты "Парасат", "Құрмет" медальдарымен, "Ерең еңбегі үшін", "Шапағат" мемлекеттік наградалармен және 10 адамды ҚР Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар