12:07, 13 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Көкшетауда Тәуелсіздік күніне орайластырылған азық-түлік жәрмеңкесі өтіп жатыр
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Тәуелсіздік күніне орайластырылған Бұланды, Бурабай, Еңбекшілдер, Сандықтау аудандарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің және облыс орталығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындардың азық-түлік жәрмеңкесі өтіп жатыр.
«Оқжетпес» футбол стадионына жапсарлас салынған жеңіл атлетикалық манеж ғимаратында ұйымдастырылған жәрмеңкені облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров аралап көрді.
Жәрмеңкеге жалпы құны 44,3 миллион теңгенің 43 түрлі азық-түлік өнімдері әкелініп, саудаға шығарылды.Оның ішінде, 32 тоннаға жуық ет пен шұжық, 1,5 тонна балық, 80,7 мың дана жұмыртқа, 13 тонна ұн мен макарон, 11 тонна картоп, 7,8 тонна көкөніс,10,5 тонна қант және 8 тоннадан астам сүт өнімдері құрап отыр.
Жәрмеңке де азық-түлік өнімі қала базаларындағы бағадан 15-20 пайызға арзан болғандықтан халықтың қарасы да көп болды.