09:40, 23 Қараша 2015 | GMT +5
Көкшетауда терроризмді насихаттаған ер адам анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қылмыстық атқару жүйесінің (ҚАЖ) қызметкерлері құқық қорғау органдарының құрылымдарымен бірлесіп радикалды экстремизм мен терроризм идеяларын таратып жүрген ер адамды анықтады, деп хабарлады Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінен.

«ЕЦ-166/23 мекемесінің қызметкерлеріне ұрлық жасады деген күдікпен ұсталғандардың бірі терроризмді насихаттаумен байланысты тағы бір қылмыс жасады деген ақпарат келіп түсті», - деді Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/23 мекемесінің басшысы Арман Қасымов.
«Бұл ақпаратты құқық қорғау органдары мұқият тексеріп, ол расталды. 22 жастағы облыс тұрғыны ҚР ҚК 256-бабында қарастырылған қылмысты жасағанын мойындады. Тергеу амалдары басталды», - деді А. Қасымов.