Көкшетауда тыйым салынған дәрі-дәрмек таратқан күдікті ұсталды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM  — Көкшетауда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері ІІМ профилактикалық жұмысты үйлестіру комитеті мен Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен күшті әсер ететін дәрілік препараттардың заңсыз айналымына қатысы бар фигуранттың қызметін тоқтатты. 

полиция
Фото: ІІМ

32 жастағы тұрғын қойма қызметкері және ораушы ретінде қызмет еткені анықталды. Тыйым салынған препараттарды жасырын қойып кету арқылы жүзеге асырған.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында құқық қорғау органдары дәрі-дәрмектердің үлкен партиясы бар екі «бомбаны» және 140-тан астам бөтелке мен 400-ден астам таблетканы тауып, тәркіледі. Қатысушының айғақтарына сәйкес, ол одан әрі іске асыру үшін үлкен партия алған, содан кейін оны тағы екіге бөліп, ораған.

Сондай-ақ оның қылмыстық әрекетінің басқа да дәлелдері алынды. Буып-түю құралдары, интернет-есірткі дүкендерінің кураторларымен хат алмасу, сондай-ақ координаттары бар жасырын салу орындарының фотосуреттері. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетелік теміржол контейнерлерінен 212 млн теңгенің жүгін ұрлаған топ ұсталған еді

Соңғы жаңалықтар