Көкшетауда триатлоннан Азия кубогының сайысы өтеді

КӨКШЕТАУ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық спорт және туризм басқармасының мәлімдеуінше,  шілденің 12-де Көкшетауда триатлоннан Азия кубогы жолындағы сайыстың кезеңдік жарысы өткізілетін болады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші рет Көкшетау қаласында жүзеге асырылғалы отырған спорт додасына әлемнің он елінен жүзден астам спортшы қатысуға ниеттеніп отыр. Жарыс кезеңінің бағдарламасына сәйкес Қопа көлінде бір жарым шақырымға жүзуден, қала көшелерімен 40 шақырымдық веложарыс және он шақырымға жүгіру белгіленген. Додалы жарыста еліміздің намысын Дмитрий  Смуров, Роман Никитенко, Роман Бауэр, Аслан Абдрахманов сынды есімі  белгілі триатлоншылар қорғайтын болады. Қазір осынау сайысқа қажетті барлық дайындық шаралары қолға алынған.

Соңғы жаңалықтар