Көкшетауда үй иесі иіс тиіп, опат болды

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облыстық өртке қарсы қызмет басқармасының деректеріне сәйкес, Көкшетау қаласында жеке меншік үйінде ұйықтап жатқан үй иесі иіс тиіп опат болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кешқұрым жас отбасы бес жасар сәбиінің туған күніне орай шағын той жасап, мәре-сәре болысады. Қуанышты кештен соң отбасы ұйқыға жатқан. Тек таң қараңғысында жас ана басының қатты ауырғанынан оянып, жанындағы жұбайының суық денесінен шошып кетеді. Дереу жеткен дәрігерлер үй иесінің иіс тиіп қайтыс болғанын айтады, ана мен баласын ауруханаға алып кеткен. Сәбидің халы өте ауыр. Бұл өңірде жаңа жылдан бері тіркелген осындай алғашқы өкінішті оқиға.
Соңғы жаңалықтар