11:47, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Көкшетауда ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі құрықталды
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері өткізген арнайы іс-шара барысында «Колобок» деген лақап аты бар қылмысты топ жетекшісі қолға түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тішісі.Көкшетау қаласы аумағында іске асырылған іс шара барысында «Лексус-470» жеңіл көлігінде отырған 41 жастағы жергілікті тұрғын бұрындары іздеуде жүрген болып шықты. «Колобок» деген лақап есімді азаматқа тексеріс жүргізу кезінде одан Макаров тапаншасының бірнеше оғы мен есірткі заттары тәркіленді. Көліктен аммонит тектес жарылғыш заттар, екі детонатор табылды. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.