22:15, 20 Шілде 2015 | GMT +5
Көкшетауда велосипед ұрлап жүргендер қолға түсті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда велосипед ұрлап жүргендер қолға түсіп, үстерінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Полицейлердің мәліметі бойынша, күдіктілер ағымдағы жылдың 1-ші маусымынан бастап, 19-шы шілдеге дейін тұрғын үй аулаларында, орталық базарда тұрған (бағасы 30 мың теңгеден жоғары) велосипедтерді ұрлап келген. Оңай олжаны арзанға сатқан.
Қазіргі кезде күдіктілер ұсталып, ұрланған заттар иелеріне қайтарылды. Сондай-ақ, оқиғаларға байланысты ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі бойынша (ұрлық) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.