Көкшетауда жалғыз басты әкеге «Кедергісіз келешек» жобасы аясында көмек көрсетілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда кәмелеттік жасқа толмаған мүгедек қыз тәрбиелеп жатқан жалғыз басты әкеге Марат Кұрманбековке «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында көмек көрсетілді.
None
None

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының баспасөз қызметінен хабарлады.

Бүгіндері Марат Кұрманбеков жалғыз өзі мүгедек қызын тәрбиелеп отыр. «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдауда болған оған құзіретті органдардың өкілдері мемлекеттік жеңілдіктер жөнінде түсіндіріп берді.

Қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуларына болады. Осы орайда, қоғамдық қабылдауға келген отағасына үй кезегіне тұру үшін қандай құжаттар жинап, қайда бару жөнінде ақыл-кеңестер берілді.

Сондай-ақ оның қызына қоғамдық көлікпен тегін жүру үшін жолаушылар көлігі қауымдастығы арқылы жолақы билеті де берілетін болды. Ал ортопедиялық аяқ киім мен курортты-шипайжайлық ем-шипа алуға қажетті құжаттары Көкшетау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылды.

«Өтініш берген азамат ортопедиялық аяқ киімді кезек бойынша алатын болып отыр. Ал «Алмаз» санаторийіне жолдама мәселесі шешілді. Қазіргі кезде Марат Кұрманбеков қызы Каринамен бірге осында ем-шипа алып жатыр», - дейді«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының баспасөз қызметкері Диана Ахметова.

Соңғы жаңалықтар