Көкшетауда жас өнерпаздар бақтарын сынады

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/- Көкшетауда жас өнер шеберлерінің 43-інші облыстық байқауы мәреге жетіп, жүзден жүйрік шыққандар сый-құрметке бөленді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Екі күндік байқау барысында әр аймақта жеңіске жетіп, іріктеліп келген 52 үміткер «Фортепиано», «Хор өнері», «Шекті және үрмелі аспаптар», қазақ және орыс ұлт аспаптарымен өнер көрсетуден бақтарын сынады. Қазылар алқасы мен көрермен қауым Көкшетау және Макин қалаларының қазақ ансамбльдері шеберліктерінің ара-жігін анықтау қиынға соққандықтан, екеуіне де бірінші орын беруге мәжбүр болды. Ал ерейментаулық жас өнерпаздар екінші орынға иелік етті. «Орыс музыка аспаптары» арасында Көкшетау көркемөнер мектебі түлектері жеңіс төрінен көрінді. Гран- при жүлдесі жоғары топ өкілдері арасында Щучье қаласының өнерпазы Шыңғыс Оразалимовтың, жас өспірімдерден көкшетаулық Мадияр Сапарбектің еншісіне тиді. Ал баяншылардан макиндік Андрей Цымбалов пен көкшетаулық Валерий Пугаче, гитаршылардан атбасарлықтар жүлделі орындардан табылды.
Соңғы жаңалықтар