Көкшетауда «Жасай бер, жайнай бер, ару қалам Астанам!» өнер кеші өтті

None
None
None

КӨКШЕТАУ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Кеше Көкшетаудағы Тәуелсіздік алаңында «Жасай бер, жайнай бер, ару қалам Астанам!» атты елорданың туған күніне орайластырылған мерекелік іс- шаралар өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық мәдениет бөлімінің бастығы Айгүл Сәбитованың айтуынша, өткен жылға қарағандағы басты ерекшелік - алаңда көкшетаулықтармен қатар Бұланды ауданының цирк ұжымы мен көркемөнерпаздар мүшелері көрермен қауымды жаңа қойылымдарымен қуантты. Сахна төрінде Көкшетау Техникалық институтының студенттері ел Жалауын желбіретіп, қалалық білім бөлімінің бишілер тобы, «Достар»  мәдениет үйінің әншілері, «Хип-хоп», «Брейк», «Паркур» жастар топтары,  мектеп жасына дейінгі мекемелер мен мектеп жанындағы демалыс орталықтарының бүлдіршіндері ән мен биден шашу шашты. Өз кезегінде Париждегі халықаралық фестивальден Гран-при жүлдесімен оралған балалар музыка мектебінің хоры жұртшылық көзайымына айналды. Бұланды ауданынан келген «Наз» триосы, «Ритм» және «Шалқыма» би, «Сувенир» және «Арай» халық ансамбльдері, «Дастан» вокалдық тобы және жеке ән орындаушылар көкшеліктерді өнер қуанышына кенелтті.

Осындай мерекелік тартуды Жақсы ауданының өнер ұжымы Есілде көпшілік назарына ұсынса, Степногор қаласында қыл қалам шеберлерінің «Туған күніңмен, Астана!» көрмесі ұйымдастырылды. Әр аудан орталығында осындай мерекелік іс-шаралар спорттық сайыстармен, көпшілік серуенімен жалғасын тапты. Кеш соңы түнгі отшашуына ұласып, жастар дискотекасы өткізілді.

Соңғы жаңалықтар