Көкшетауда жаяу адамды қағып кеткен жүргізуші ұсталды
ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқыс оқиға 3 қараша күні Көкшетау қаласында орын алған.
"Түнгі сағат 02:10-дерде Əуезов көшесінің шетінде келе жатқан жаяуды белгісіз көлік қағып өткен. Жүргізуші зардап шеккендерге көмектесудің орнына оқиға орнынан қашып кетті. Зардап шеккендер ана мен оның баласы екені анықталды. Салдарынан 57 жастағы анасы ауруханаға жеткізілген сəтінде көз жұмды. Баласы аман. Өкінішке орай 29 жастағы баласы соққан көліктің мемлекеттік нөмірін байқап үлгермеген. Алайда, жедел-іздестіру шарасы барысында күдікті "Лада Ларгус" көлігінің 34 жастағы жүргізушісі ұсталды. Күдікті қылмысын мойындап, жол-көлік оқиғасы кезінде ұялы телефонмен сөйлесіп отырғанын жəне қылмыстық жауапкершіліктен қорқып қашып кеткенін айтып, ақталмақ болды", деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі кезде, күдікті ұсталып, ҚР ҚК 345 бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.