Көкшетауда жылу жүйесіндегі апат:13 көппәтерлі тұрғын үйге жылу берілді

Шымкентке 20 қазаннан бастап жылу беріле бастайды
Фото: Алина Төлеубаева/Kazinform

Көкшетауда Сәбатаев пен Сағдиев көшелерінің қиылысындағы жылу құбыры апаттан соң қалпынан келтірілді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

- Қазіргі уақытта ақау жойылды, жөндеу жұмыстары аяқталды, барлық 13 көппәтерлі тұрғын үйге жылу берілді, жеке секторлардағы үйлерді қосу және осы учаскедегі гидравликалық және температуралық режимді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Құрметті жылу тұтынушылары! Сіздерден жылу тораптарын тексеріп, ішкі жылу тұтыну жүйесі бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізулеріңізді сұраймыз, - делінген қала әкімдігінің мәліметінде.

Айта кетсек, желтоқсанның 10-да Көкшетауда Сәбатаев пен Сағдиев көшелерінің қиылысындағы «Капитал» тұрғын үй кешенінің маңында диаметрі 700 мм болатын жылу құбыры жарылып, 40-тан астам үй жылусыз қалған еді.

Соңғы жаңалықтар
telegram