Көкшетауда жұмыстан шаршаған түнгі клуб қызметкері көлігі жоғалғаны туралы жалған ақпарат беріп, өзі ұятқа қалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жұмыстан шаршап, шалдыққан түнгі клубтың диджейі (ән қоюшы) көлігін қайда қойғанын ұмытып, полицияға ұрланды деп арызданған.
None
None

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29-шы желтоқсан күні Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне облыс орталығындағы түнгі клубтардың бірінің диджейі, 24 жастағы жігіт хабарласып, Әуелбеков көшесінің бойында қалдырып кеткен «ВАЗ-21083» көлігінің жоғалғаны жөнінде арыз берген.

Осыған орай, полицейлер жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, көліктің түнгі клуб автотұрағында тұрғанын анықтаған. Кейін белгілі болғандай, көлік иесі Жаңа жыл қарсаңында мерекелік шаралардың тығыз кестесіне байланысты өзінің астындағы темір тұлпарын қайда қойған ұмытып қалған-мыс. Нәтижесінде, ол полицияға жазған арызын кейін қайтарып алды.

Соңғы жаңалықтар