Көкшетауда «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы барысында 3 айлық науқас сәбиге қаржылай көмек көрсетілді (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде республикалық «Қайырымдылық керуені»аясында «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
None
None

Облыс әкімінің қолдауымен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Аналар Кеңесінің ұйымдастыруымен Достық үйінде өткен шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, облыстық департаменттер, басқармалар және жергілікті кәсіпорындардың басшылары мен кәсіпкерлер және өзге де қайырымды азаматтардан құралған барлығы 300-ге жуық адам қатысты.

Шара барысында «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы және облыстық оқу-әдістемелік орталығындағы балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықованың айтуынша, одан түскен қаржы асқазан ішек жолдары дамуының туа біткен кемістігі бар 3 айлық сәби Үміт Азаматқызына ота жасату үшін ата-анасына тапсырылмақ.

null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар