Көкшетауда жылыту маусымы күн жылынғанға дейін жалғасады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жылыту маусымы күн жылынғанға дейін жалғасатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетауда жылыту маусымы күн жылынғанға дейін жалғасады

Көкшетау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, қаладағы жылыту маусымы ауа райына байланысты 1 мамырда аяқталмайды, яғни тәуліктік орташа температура +8/+10 градус шамасында тұрақталғанға дейін жалғасатын болады.

Қазіргі уақытта облыс орталығында ауа температурасы минус - 2 градус шамасында.

Еске сала кетейік, сәуірдің 29-нан 30-на қараған түні Ақмола облысының солтүстік өңірлерінде, атап айтқанда, Көкшетау қаласында қар жауды. «Қазгидромет» РМК-ның Ақмола облысы бойынша филиалы мәлім еткеніндей, 1 мамыр күні кей жерлерде жауын-шашын болуы ықтимал.

Автор: Оксана Матасова