Көкшетаудағы бірнеше ауданда жарық уақытша сөндіріледі
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – 2025 жылғы 11 қараша күні сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін Көкшетау қаласының бірнеше ауданында электр энергиясы уақытша сөндіріледі.
«Көкшетау Энерго» ЖШС мәліметінше, шектеу шарасы «Ақан сері» қосалқы стансасындағы апатты ажыратудан кейін тұтынушыларды қайта қосу сызбасын қалпына келтіру қажеттілігіне байланысты енгізілуде.
Электр жарығын беру уақытша тоқтатылатын нысандардың қатарында:
«Арбат» СҮ ауданы, Әуелбеков көшесі, 94 мекенжайындағы емхана, Сәтпаев көшесі, 1 мекенжайындағы «Полиграфия» ғимараты, «Аманат» партиясының кеңсесі, «Диас» тігін фабрикасы, М. Ғабдуллин атындағы мұражай, «Оқжетпес» стадионы, «Истоки» мәдениет үйі, «Алатау» СҮ, кеден басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Декор», «Провиант», «Табыс», «Кристалл» дүкендері, бұрынғы «СтройМарт» маңы, «ЕРЦ» абоненттік бөлімі, «Антикор» ғимараты, статистика басқармасы, «Тамаша» моншасы, «Аружан 1, 2, 3» және «Атлант» тұрғын үй кешендері, «Сұңқар» шағынауданы, «Бурабай» спорт кешені, «Көкшетау Су Арнасы», полиция басқармасы, «Small» гипермаркеті, «Арбакеш» және «Взрыв Пром» аудандары, «Қажымұқан» спорт кешені, әскери бөлім мен ауыл шаруашылығы институты аудандары, «Хасеновский» және «Шығыс» базарлары, Ғалым мешіті, сондай-ақ Сәдуақасов – Шевченко, Сәдуақасов – Қуанышев, Сәдуақасов – Құсайынов қиылыстарының маңайы, «СанТехМонтаж» ауданы және КТИ жатақханасы бар.
Сонымен қатар жарық Ақан сері атындағы колледжде, Жоғары техникалық колледжде, КТИ-де, лицейде, № 11 орта мектепте, сондай-ақ № 5 және № 6 мектептердің маңайында уақытша жарық болмайды.
Энергетиктер аталған уақыт аралығында тұрғындардан электр құрылғыларын пайдаланбауды және қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
Айта кетейік, Көкшетауда бес қабатты үй өртеніп, 28 адам эвакуацияланды.