Көкшетаудағы оңалту орталығынан 3 жасөспірім қашып кетті (ФОТО)

Полицейлердің дерегі бойынша 27 маусым күні кешкі уақыт 21:15 шамасында Көкшетау қалалық ІІБ ЖБО «Жасөспірімдерді оңалту орталығы» ММ директорының орынбасары хабарласып, сол күні сағат 18:00 орталық аумағында серуендеп жүрген 2001 жылғы Диас Кәкімов, 2001 жылғы Владимир Соболевский және 2002 жылғы Денис Аспилейдердің белгісіз жаққа кетіп қалғанын айтқан.
«Кейін белгілі болғандай Диас Кәкімов, Владимир Соболевский жасөспірімдер ісі бойынша Ақмола облыстық ювеналды сотының шешімі заңды күшіне енгенше орталықта уақытша болған. Ал, Денис Аспилейдердің анасы ата-ана құқынан айрылған, сол себепті ол аталған соттың шешіміне сәйкес балалар үйіне жіберілгенше орталықты паналаған.
Қазіргі кезде, Көкшетау қалалық ІІБ ювеналды инспекторлары мен полицейлері жоғалған жасөспірімдерді іздестіруде. Олардың жүрген жері туралы ақпарат болса, 25-96-00 немесе 102 арнайы телефон нөміріне хабарласуына болады», деп көрсетілген хабарламада.