Көкшетаудағы жаңа тұрғын үйге сатып алушылар мен жалға алушылардан өтініштер 27 мамырдан қабылданады - ТұрғынүйҚұрылысЖинақ банкі

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде Ақмола облысының әкімдігімен Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы Васильковский шағынауданының солтүстігінде орналасқан, барлығы 90 пәтер, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша 45 пәтер, 1 шаршы метрінің бағасы 90 000 теңге болатын «45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы» және «Тоғыз қабатты тұрғын үйлердің құрылысы» Ынтымақтастық келісіміне қол қойылғандығын хабарлаймыз», делінген хабарламада. Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2015 жылдың тамыз айы. Тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі шамамен 2015 жылдың 27 мамырынан басталады. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының суреттемесімен (оның ішінде, ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көруге болады) банктің Көкшетау қаласы 8 Март көшесі, № 51 үй мекен-жайында орналасқан филиалында немесе 8 (7162) 32-34-18,32-35-50 байланыс телефондары арқылы, сондақ-ақ www.hcsbk.kz интернет-ресурсында егжей-тегжейлі танысуға болады.