10:19, 17 Қаңтар 2015 | GMT +5
Көкшетауде жеңіл көліктердің мемлекеттік нөмірлерін ұрлап келген екі жігіт құрықталды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жеңіл көліктердің мемлекеттік нөмірілерін ұрлаумен айналысып келген ерекше ұрылар қолға түсті.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.
Полицейлердің мәліметі бойынша 19-20 жас аралығындағы екі жігіт жеңіл көліктердің мемлекеттік нөмірлерін ұрлаумен айналысқан. Олар алдымен көліктердің мемлекеттік нөмірлерін ағытып алып, көлік иелеріне байланыс ақпаратын қалдырып отырған. Онда көлік иелеріне "Qiwi-кошелекке" ақша аудару арқылы көліктерінің нөмірлерін қайта сатып алуды ұсынған.
Осылайша, үш көлік иесі "Qiwi-кошелекке" 20 мың теңге ақша аударып барып, құқық қорғау органдарына арыз жазған. Кейін аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 бабы бойынша (ұрлық) қылмыстық іс қозғалып, 1994-1995 жылғы екі көкшетаулық қолға түсті. Олардың 2014 жылдың 6 қаңтарынан бастап, осындай 20 қылмыс жасағаны анықталды.