Көкшетаулық 7-сынып оқушысы қысқы каникулын «Артекте» өткізді

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин атындағы 3-қазақ орта мектебінің жетінші сынып оқушысы Ардақ Қасымханов қысқы каникулын Украинаның балалар сауықтыру орталығы «Артекте» өткізіп қайтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Украина Республикасының ішкі істер министрлігі өткен жылы қызмет бабында қайтыс болған тәртіп сақшыларының балғындарына көмек қолын ұсыну акциясын өткізіп, елімізден он балғын сол құрметке иелік еткен болатын. 2002 жылы көкшетаулық кіші лейтенант Нұрболған Қасымханов Қордай шатқалында «Көкнәр» іс-шарасы барысында дүниеден өткен еді. Міне, оның баласы Ардақ жақсы оқуымен қошеметке бөленіп отыр. Барып, қайту шығынын облыстық жол полициясы басқармасы өз мойнына алып, інілерінің жақсы тынығып оралуына мүмкіндік жасаған.

Соңғы жаңалықтар