Көкшетаулық «Арлан» павлодарлық «Ертіс» командасын тас-талқан етті
Бүгін шайбалы хоккейден ересектер арасында өткен ҚР ашық чемпионатының кезекті ойнында көкшетаулық «Арлан» павлодарлық «Ертіс» командасымен кездесті. Қос командаға да бұл кездесуде жеңіске жету ұпай жинауда маңызды болып табылады. Әсіресе, көкшетаулықтарлықтар үшін тарихи матч. Өйткені, осыған дейін арландықтар ертістіктерден тоғыз матч бойы жеңіліп келген. Матчтың алғашқы кезеңі алма-кезек шабуылмен өтіп, арландықтар 2:1 есебімен алға шықты. Ал 2-ші кезеңде көкшетаулықтар ойынды қолына алып, есепті еселей түсті. Нәтижесінде командалар 3-ші кезеңге 5:1 есебімен шықты. Соңғы шешу кезеңде де екі команда да аса бір сақтықпен ойнады. Арландықтар тарапынан Яник Ридео қарсыластар қақпасына қос шайба салды. Осылайша матчтың қорытынды есебі 6:3 болып, көкшетаулықтар өткен жылғы ел чемпионы павлодарлық «Ертіс» командасын ойсырата жеңді.