15:29, 14 Шілде 2009 | GMT +5
Көкшетаулық балалар хоры Парижден бас жүлдемен оралды
КӨКШЕТАУ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Надежда Глазунова жетекшілік ететін Көкшетау қаласындағы балалар музыка мектебінің хоры «ХХІ ғасыр балалары» атты балалар мен жастар шығармашылығын дамытудың халықаралық жобасы аясында «Париждегі Ресей күндері», «Хрустальді пирамида-2009», «Франция-Париж» 4-ші Еуропа фестиваль халықаралық конкурсының Гран-при жүлдесімен оралды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған маңызды мәдени шараның басты мақсаты Ресей мен Франция және өзге де елдер арасындағы мәдени байланысты нығайту болып табылады. Гастрольдік сапар барысында балалар Мәскеу, Варшава, Берлин және Париж секілді ірі қалалардың көрнекті орындарын аралау мүмкіндігіне ие болды. Париждегі Ротшильда орталығы, Сен-Пьер Соборы мен Консерваторияда концерт берді. Сондай-ақ Лувр, Версаль, Лонжомо, Елисей алаңы, Эйфель мұнарасын тамашалады. Балғындардың осынау сапарына қолдау көрсеткен «Круиз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болды. Республикалық, халықаралық өнер байқауларында жүлделі орындарды иеленіп жүрген өнерлі топтың әлі талай шыңды бағындырары сөзсіз.