Көкшетаулық белсенділер Жамбыл Ахметбековті қолдау үшін флешмоб ұйымдастырды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 1 маусым күні президентіткке кандидат Жамбыл Ахметбековтің Көкшетау облыстық сайлауалды штабы «РИО» сауда ойын-сауық орталығында флешмоб өткізді. Бұл туралы Қазақстан коммунистік халық партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Іс-шараға партия комитетінің белсенділері мен әншілер қатысты. Үміткер Жамбыл Ахметбековты қолдау мақсатында ұйымдастырылған шара шеңберінде әртістер үміткердің баннерінің жанында кеңес кезінде танымал болған әндерді орындады.

Басқосу барысында облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі, ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Б.Мажитов сөз сөйлеп, жиналғандарға үміткердің сайлауалды тұғырнамасын таныстырды.

Сөз арасында ол ҚКХП кедейшілікпен күрес және отандық тауарға деген сұранысты арттыру сынды бастамаларды алға жылжыта беретінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар