19:04, 14 Тамыз 2015 | GMT +5
Көкшетаулық боксшы қыз Қытайда өткен Азия чемпионатында қола медаль иеленді (ФОТО)
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық боксшы қыз Мөлдір Базарбаева Қытайда өткен Азия чемпионатында қола медаль иеленді. Бұл туралы «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлады.

Еске сала кетсек, Қытайдың Уланчаб қаласында әйелдер арасында бокстан Азия чемпионаты өткен болатын. Осы додаға қатысқан Қазақстан құрамасын бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Вади Присяжник бастаған отандастарымыз ел қоржынына 1 алтын, 3 қола медаль салды.
Оның ішінде 81 келі салмақта рингке шыққан көкшетаулық Мөлдір Базарбаева үшінші орын алды.
Қазан айында елордада 2016 жылдың ақпанында Алматыда өтетін Әлем чемпионатына жолдама сарапқа салынып, ұлттық құрама сапы анықталатын болады.