Көкшетаулық кәсіпкер кәуапты күн көзінің қуатын пайдаланып әзірлемек

Ондағы шеберлердің айтуынша, қазіргі кезде олар бірегей күн пештерінің негізі болатын иілген болат айналарды жасап шығарумен айналысуда, деп жазды «Экспресс-К» газеті (авторы - Александр Скрелинг, №41 (17641), 06.03.2013).
«Біздің тергеуіміз анықтағандай, әдеттен тыс бұл құрылғылардың авторы және тапсырыс берушісі - Щучье қаласының Михаил есімді кәсіпкері. Қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс істейтін ол күн пештерін өз кәсібінде пайдаланбақ.
Бәсекелестері алдын орап кететінінен қауіптенген ол, идеясы туралы айтып беруге аса зауықы болмады.
- Жер шарының қолжетімсіз аумақтарында суды осыған ұқсас айналармен жылытады. Мен жарты жыл бұрын, жиі болатын бір елде, етті қуыруға болатын құрылғыны көрдім, әдетте ол - құс. Ондай гриль бізге үйреншікті мангалдан үш есе үлкен, онда етті қуыру уақыты да көбірек. Есесіне барбекюді дайындау үшін бір тал сіріңке жұмсалмайды, - деп бөлісті Михаил.
Бурабайда шуақты күндер саны Қырыммен бірдей екендігі белгілі.