Көктайғақ, екпінді жел. 14 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 14 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультация жарияланды.

Синоптиктер болжамына сәйкес, антициклон сілемінің әсерінен ҚР көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
— Тек атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен түнде республиканың батысында, солтүстік-батысында қар, күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Республика бойынша тұман болжанады. Елдің солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Жетісу облысындағы Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан соғатын екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан да көп жел күтіледі, — делінген хабарламада.
Бұған дейін еліміздің батыс өңіріндегі екі облыста ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдар жабылғанын хабарлаған едік.