17:35, 23 Ақпан 2016 | GMT +5
Көктайғақ салдарынан Қостанай облысында бірқатар жолдар жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңбыр және көктайғақ салдарынан Қостанай облысында бірқатар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК-ның баспасөз қызметі.

23 ақпанда ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр және көктайғақ) төмендегі жолдар барлық бағыттарға жабық:
«Екатеринбург - Алматы» (686-729 км, Сарыкол ауылы- Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);
«Мамлютка - Қостанай» (180-249 км, Ұзынкөл аулы - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);
«Қарабұтақ - Денисовка» (231-385 км, Ақтөбе облысының шекарасынан - Денисовка ауданына дейін);
«Денисовка - Жітіқара - Мықтыкөл» (82-174 км, Жітіқара қаласы-Мықтыкөл ауылы -РФ шекарасына дейін).