Көктайғақ: «Семей-Курчатов» жолы жабылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы «Семей-Курчатов» тасжолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда көктайғақ пен қар аралас жаңбыр жаууына байланысты өңірдегі тасжолдардың бірі жабылды.

«Сағат 22-30-дан бастап облыстық маңызы бар «Семей-Курчатов» тасжолының 4-130 шақырымы көліктің барлық түрлері үшін жабылды», - делінген ақпаратта.

Осы ретте департамент мамандары тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар