Көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын: 20 қарашада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – 20 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

боран, метель, снег, погода
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанады.

Түнде және күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 20 қарашада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні 15-20 м/с қамтиды.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда 20 қарашада тұман түседі, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанады.

Түнде және танертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-18 м/с қамтиды.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында тұман болады.

Түнде және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Облыстың шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүсік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Қостанайда 20 қарашада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады, сондай-ақ жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с. Оралда 20 қарашада тұман түсіп, оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады.

Абай облысында солтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

20-21 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп болжанады. 20 қарашада оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Таразда 20-21 қарашада кей уақыттарда тұман болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп болжанады.

20 қарашада Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с.

Биыл қыста ауа райы жиі құбылатынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар