Көктемгі егіс науқанына ауыл шаруашылығы техникасы 80 пайызға әзір - СҚО

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО Қызылжар ауданында егіс науқанына ауыл шаруашылығы техникасы 80 пайызға әзір.
None
None

«Қызылжар ауданында 19 машина-трактор шеберханасы бар, барлығы егіс науқанына әзірлікті аяқтап қалды. Әзірлік деңгейі - 85 пайыз. Наурыздың ортасында аяқтап қаламыз», - деп хабарлады Қызылжар ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Байжан Жанбеков.

Ауданда ауыл шаруашылығы техникасы барлығы 5 мыңнан асады. Жыл сайын мемлекеттік қолдаудың арқасында және аграршылардың жеке қаражаты есебінен машиналар 30 пайызға жаңартылады.
«Сервис-Жарс» серіктестігі де дайындықты аяқтауда. Барлық комбайндар,  тұқым сепкіштер көктемгі-егіс жұмыстарына дайын. Шеберханада бірнеше тракторлар ғана қалды.

Цехта  мамандар қосалқы бөлшектер жасап жатыр. Жылдам әрі үнемді дейді. Техника барлығы 30 бірліктен асады. Егіс науқанына әзірлік 90 пайыз.

Соңғы жаңалықтар