Көктемгі егіс жұмыстарына бөлінген дизельдің бағасы белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат –Ауыл шуаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына бөлінген дизельдің бағасын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Көктемгі науқанды өткізу үшін өңірлерде 149,8 мың трактор, 4,9 мыңн анастам жоғары өнімді егіс кешендері, 76 сепкіш болды. Жұмыс басталарда барлық өңірлер бойынша техниканың дайныдығы 100 пайыз болды. Сондай-ақ, шаруалар егіс жүргізуге арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз етілді. Ақпан-маусым айларында шамамен 419 мың тонна дизель бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 мың тонна артық», - деді министр.

Оның айтуынша, елдегі мұнай өңдеуші зауыттарға дизельмен қамтамасыз ететін нақты өңірлер бекітілген.

«Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекітудің тиісті гарфигі жасалды және мұнай өңдеу зауыттары бекіткен баға тоннасына 222 мың теңге немесе литріне 184 теңге болды. дизельдің шекті рұқсат етілген бағасының өсуіне қарамастан, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін баға өзгеріссіз қалды», - деді Ербол Қарашөкеев.


Соңғы жаңалықтар