Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Оразақ ауылының тұрғындары үшін 300-ден астам пәтер салынады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Өңір басшысы Сергей Кулагин Целиноград ауданының Оразақ ауылында болып, судан зардап шеккен тұрғындармен кездесті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Сапар барысында облыс әкімі ауыл ішін аралап көріп, бұзылған ғимараттарға назар аударды. Сондай-ақ, зардап шегушілер үшін үш мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылған орта мектеп пен уақытша тұрағы палаткалар қалашығында болды. Жылы шатыр қалашығы 92 отбасына есептелген.

Палаткалардың ішінде пештер (буржуйкалар) орнатылған. Мұнда паналап жатқан электр жарығымен, ауыз сумен, төсек жабдығымен қамтамасыз етілген. Бұл жерде палаткалардың қасында облыс әкімі 27 мамырдан бастап салына бастайтын жаңа үйлердің жағдайымен танысты. Барлығы шамамен үш жүзден астам пәтер салынбақ. Кездесу барысында Сергей Кулагин үйлердің міндетті түрде жылы болғанын және әлеуметтік объектілердің қасында болу керектігін, сондай-ақ, зардап шегушілерге барлық тиісті көмек түрін көрсету қажеттігін айтты. Атап өту керек, малдары бар тұрғындар үшін жақын маңнан мал жайылымы берілді. Одан басқа тәуелсіз сарапшылар мен бағалаушылар қатыстырылған арнайы мамандандырылған комиссиялар құрылған.

Комиссия қорытындысына сәйкес, жылжымалы және жылжымайтын мүліктің әр нысаны бойынша бөлек шешім қабылданатын болады. Бүгінгі күні аудан бойынша келтірілген нұқсанның орнын толтыру бойынша 258 арыз арыз түскен, олар бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Алдын-ала мәліметтер бойынша Оразақ ауылында 218 үй зерттелген, оның ішінде 50-і күрделі жөндеуді талап етеді, 196 үй авариялық жағдайда.

Атап өту керек, Оразақ ауылында шамамен 4 мың метрлік уақытша су бөгеттері тұрғызылған. Алдын алынған іс-шаралардың арқасында әлеуметтік және өндірістік маңыздағы нысандарды су алған жоқ.

Көшіру жұмыстары уақытылы жүргізіліп, 460 адам қауіпсіз аймаққа шығарылды.

Соңғы жаңалықтар