Көктемгі тұқым себуді уақтылы және сапалы жүргізу үшін барлық қажетті жағдаймен қамтамасыз еткен жөн - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

А.Мамытбеков министрліктің 2013 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2014 жылға арналған міндеттер туралы баяндады, сондай-ақ көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысынан хабардар етті.

Нұрсұлтан Назарбаев оңтүстік өңірлерде егіс науқанының және солтүстік облыстарда дайындық жұмыстарының басталуына байланысты көктемгі тұқым себуді уақтылы және сапалы жүргізу үшін барлық қажетті жағдаймен қамтамасыз еткен жөн екенін атап өтті.

Министр агроөнеркәсіп кешенін, атап айтқанда мал шаруашылығын дамыту мен салалық бағдарламаларды іске асыру барысы туралы да айтты.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар