Көктемнің алғашқы күндері ауа райы қалай құбылады

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы 3–5 наурызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

ШҚО-да көктемнің алғашқы айында ауа райы қандай болады
Фото: Freepik

Синоптиктер болжамына сәйкес, солтүстік-батыс циклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. 

— 4 наурыз күні елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі, — делінген хабарламада.

Бұған дейін еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланған еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум