Көктөбе ауылында аса құнды жәдігерлерге толы тарихи-өлкетану музейі ашылды - Павлодар облысы

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Көктөбе ауылында ашылған тарихи-өлкетану музейі Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойында арналды,
None
None

деп хабарлайды egemen.kz сайты.

Тәуелсіздік жылдары туған бүгінгі ұрпақтың-өз елінің, жерінің тарихын біліп өсуі заңдылық. Кереку-Баян өңірі, Ертіс өзенін жағалай орналасқан әр ауданның өзіндік тарихы, шежірелі жолы бар екені сөзсіз. Солардың бірі-облыстағы Май ауданы. Ауданның аумағында өткен дәуірлерден жеткен археологиялық және орта ғасырлық ескерткіш-қорғандар, «Қарабалғасұн» жоңғар мұнарасының қираған орны және отқа шыдамды сазбалшық өндірілген алғашқы кен-зауыты- Май кеніші, Мойка болғаны белгілі.

Осыдан алты жылдай бұрын жергілікті тарихшы ғалымдар, зерттеушілер ауданның Май аталып тұрған атауын осы жерді жоңғардан алып қалған Малайсары батырдың 300 жылдығына арнап  атайық деген ұсыныс та жасаған болатын. Күндердің бір күні бұл ұсыныс қабыл болса, ел мен жердің, ұрпақтарының өткенге деген парызы өтелер деп ойлаймыз. Негізі, Жетісуда жатқан Малайсары батырдың тұқымдарының қонысы осы Май ауданының жері делінеді. Сырымның балалары ертеден-ақ, қазақ-жоңағр соғыстарының кезінен Ертіс өзені жағалауын мекендеген көрінеді. Бұрынғы кезде аудан Омбы облысының, одан кейін 1833 жылдан бастап біраз бөлігі Баянауыл округінің құрамына болған екен. Ал, 1938 жылы 15 қаңтарда  облысы құрылып, Ертіс өзенінің оң және сол жағалауында орналасқан аудандар жаңа аумақтық бірліктің қатарына болады. Май ауданы 1939 жылы құрылды.

Өткен демекші, 1949 жылы басталған атом бомбаларының сынықтары осы Май ауданының жерінде өтті.  Дегелең даласы маңында болып жатқан алапат жарылыстар қайран, біздің  ауылдардың есінде мәңгі қалды. Бомба жарылғанда  ауылдықтар  Ертіс өзенінің жар қабағына барып жасырынған екен.

Ал, біразы елдеріне қайтып кеткендері болмаса, ауылдарында тұрған неміс халқы да аз болмады. Қазақ болып кеткендері осы жерді отаным деп ауылдарында қалды. Осының бәрі-әрине, бүгінгі жастар біліп жүрер жадынама сияқты. Бұл күндері музей қорында ертеден бүгінге дейінгі аудан тарихын баяндайтын 750 -ге жуық жәдігер бар. Музей қызметкерлерінің айутынша,  тарихы сан қырлы ауыр жолдардан өткен ауданға байланысты жәдігерлер саны да  құпиясын ашып, алдағы уақытта одан сайын көбейе түспекші. Бұл күндері жинақталған музей жәдігерлері халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлері, ою-өрнектері, сондай-ақ ауданның әр жылдардағы ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері туралы,  соғыс жылдары, тылдағы халықтың еңбектері жайлы баян етеді.

Соңғы жаңалықтар